30 Нау 2021
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым" атты кеш

Кеш студенттердің өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарасын қалыптастыру, Отанын сүюге,егемен елімізді сақтауға оны гүлдендіру мақсатында өтілді. Колледжі директоры Ибраев Марат Оразұлы «Еуразия төріндегі алып мемлекеттің негізін қалау үшін қазақ тарихындағы небір тарихи кезеңдерді бастан өткергенімізді ешқашан ұмыт­пай, қайта сол тарихта жі­берген қателіктерден, тарихи оқиғалардан сабақ ала отырып, тек қана қуатты, мықты, өзін-өзі асырай алатын Қазақстанды қалыптастыру жолында әр қайсымыз өз жауапкершілігімізді сезінуіміз керек. Егеменді елдің еркін өскен ұрпағы ретінде кешегі желтоқсанға бір сәт үңілсеңіздер алаңға шығып, азаттық жырын айтып, егемен ел болайық, қазақ деген халық болайық деп ұрандаған жастардың ойында, сонау Кеңестік отарлаудың қанды шеңгелінен халқын құтқаруды ғана ойына алған өр рухты, қажыр қайратты аға – әпкелеріміздің көкірегі ояу толқыны еді. Міне, сол төгілген қасық қан мен етекке толған көз жастың арқасында аңсап жеткен азаттыққа қол жеткіздік, ендігі мақсат не? Ол-өр тарих пен бағзы бабаларымыздың аманатына қиянат жасамау, азат елдіктің іргесін шайқалтпау, кейінгі буынға тәуелсіз, еңселі, егеменді Қазақ мемлекетін қалдыру болып табылады»,– деп мерекенің маңызына қысқаша тоқталып өтті.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.