30 Нау 2021
Жаңалықтар

«Тәрбиенің үзіп алдық тамырын» атты облыстық семинар

Шараға шақыртумен қатысқан қонақтар: Атырау облыстық әдістемелік орталығының бөлім басшысы: Ізтілеуова Зина Керейқызы; Атырау облыстық әдістемелік орталығының әдіскері: Қаражігітова Нұргүл Қайырқызы; Жылыой ауданы бас имамы Исаев Арман Әділбекұлы және мешіт ұстазы Сүлейменов Дастан.

Шара мақсаты: Болашақ мамандардың қазақ халқының бала болашағына тәрбиесі, дәстүрлерінің өзекті негіздері: тіл мен діні, тарихы мен салт-дәстүрі, рухани-материалдық және мәдени құндылықтары төңірегіндегі танымын рухани-мәдениет саласындағы білімін кеңейте отырып, өз өмірі мен кәсіби іс-әрекетінде ұлттық бала тәрбиесі тәжіриебесін қолдануға баулу.

Ұлттық рухының кемелдене түсіп туған халқына қызмет ету бағытындағы парыздылық қасиетінің қалыптасуына бағдар беру. Студенттердің бойына адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, көнерген әдет-ғұрып салт дәстүрді жаңғырту, ұлттық құндылықтар-біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.

Тәрбиелік шарамыз ІІ бөлімнен тұрды.

І.Бөлім. «Бабалар аманатына адалдық-ұрпақ парызы»

ІІ.Бөлім. «Салт-дәстүр, ата-баба мұрасы»

Шараны колледж директоры Ибраев Марат Оразұлы ашып, қонақтарға жылы лебізін білдіріп, студенттерге ұлттық салт-дәстүр жөнінде тоқталып, ұрпаққа бабалар аманатына адал болайық деп үндеу тастады. Шара барысында колледжі психологі Бақтылы Боранбайқызы «тәрбиенің түп тамыры имандылықта» атты баяндама оқыды. Шара бүгінгі жас ұрпақ кәдесіне жарар бала тәрбиесіне байланысты қазақ зиялыларының айтқан ойларымен салт-дәстүрлерін топтастыра отырып, халқымыздың бірі білсе, бірі білмейтін көнерген ұмытыла бастаған салт-дәстүр әдеп-ғұрыптарымызды насихаттау мақсатында дайындалған көріністер көрсетілді. Шара соңында Зина Керейқызы сөз сөйлеп шараны жоғары деңгейде өткендігін айтып, қорытындылады.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.