30 Нау 2021
Жаңалықтар

Елбасы жолдауы талқыланды

Колледжімізде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 каңтарда жыл сайынғы дәстүрлі халыққа арнаған "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауы бойынша, негізгі бағыттырын жүзеге асыру барысындағы міндеттерді түсіндіру, таныстыру мақсатында үстіміздегі жылдың 13 қаңтар күні сағат 10 00-де колледжімізде оқытушылар арасында жиналыс өтілді.

Жиналысты колледжіміздің басшысы Ибраев Марат Оразұлы ашып Жолдаудың негізгі қағидалары және негізгі бағыттары туралы айтты. Елбасының биылғы Жолдаудың өткен жылдағылардан ерекшелігі - инновацияларды енгізуге бағытталған индустрияландыру басты назарға алынғаны туралы Жолдауда Президент ең бастысы цифрлық дәуір, технологиялардың дамуы, технологизация, жалпы төртінші өнеркәсіптік революцияның шеңберіндегі мемлекеттің дамуының айқын бағыттарын, Мемлекет басшысы цифрлық дәуірден қалмау қажеттілігі, Президент атап кеткен он негізгі басымдықтың түйіні, ол - цифрлық дәуірдің болатыны. Цифрлық теxнологиялар барлық салаларда болады. Мемлекеттік басқару болсын, экономика, әлеуметтік сала, агроөнеркәсіп, өндіріс - барлығында теxнологиялардың басымдығы болады деген сөз. Қазіргі кезде төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Әлем елдері цифрлық теxнологияларға бет алды. Елбасы барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажеттігін, педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру бойынша да ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажеттігін мәлім етті. Біздің алдымызда тұрған жаңа міндеттер оңды нәтижелерін көрсетеді деп сенемін.

Әрі қарай директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Сарбалиева Маруся Шәмшіқызы, тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Қосымбаева Торғын Орынбасарқызы, тарих пәнінің оқытушысы Исахаева Гүлнар Мыңбайқызы, кәсіподақ төрағасы Құспанов Шынтас Бақтиярұлы сөз сөйлеп, қызу талқылады.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.