30 Нау 2021
Жаңалықтар

«Педагогикалық оқу 2018ж»-байқауы

Қаңтар айының 12 жұлдызында колледжімізде «Жаңашылдық, өзгеріс, жаңа әдіс-тәсілдердің колледж тәжірибесінде тиімділігі» тақырыбында колледж әдіскері Ундасинова Алтынгул Ундасинқызының ұйымдастыруымен дәстүрлі педагогикалық оқу өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - колледж оқытушыларының педагогикалық тәжірибесін тарату, зерделеу және жинақтау, ортақ әдістемелік тақырып бойынша педагогтардың қызметін ынталандыру. Сонымен қатар кәсіби білім беру жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беруде жаңатуға көмек көрсету және техникалық қызмет ету еңбегі саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Аталмыш іс-шараға жаратылыстану-математикалық пәндер және гуманитарлық пән бірлестігінен 11 оқытушы қатысты. Оқытушылар өз пәндері бойынша баяндамаларын оқыды. Мысалы, «Педагогикалық үрдістерді бақылау технологиясы», “Критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану” , т.б. тақырыбында баяндамалары таныстырылып, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керектігіне баса назар аударды.

Колледжде дәстүрлі түрде өткізілетін педагогикалық оқудың жалпы мәні мен маңызы жоғары болды. Оқытушылар тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. Әр пәнде интерактивті әдістерді қолданудың ерекшеліктері мен қиындықтары анықталды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушыларға колледж директоры Ибраев Марат Оразұлы жүлделі І, ІІ, ІІІ орынмен және алғыс хаттармен марапаттады. І орынмен Ізбасарова Ырысты Амантайқызы, Бақтығалиев Алдияр ІІ орынмен және Ерғалиева Назгул Мұратқызы ІІІ орынмен марапатталса, басқа оқытушыларымыз «ізденімпаз», «жаңашыл», «шығармашыл», «педагогикалық шебері жоғары оқытушы» номинацияларымен алғыс хаттарға ие болды. Педагогикалық оқудың оқытушылардың болашақ тәжірибесіне берері мол екендігіне сеніміміз мол.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.