30 Нау 2021
Жаңалықтар

"Қамқоршылық кеңестің" кезекті отырысы өтті.

"Қамқоршылық кеңестің" кезекті отырысы өтті. Биылғы 2017-2018 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын» басшылыққа ала отырып қаңтар айының 20 жұлдызында колледжімізде «Қамқоршылық кеңестің» кезекті отырысы өтті.

Құрамы: 1. Е.А.Төлендиев — Жылыой аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры, Кеңес төрағасы. Кеңес мүшелері: Кұлтаев.Е.А-ЖШС «Металл продукт» бас инженері, Қожамбетова.Қ. Қ– «ESS Супорт Сервиз» мамандар бөлімінің инспекторы, Досмурзиев.М.Т- «Досмурза» ЖШС директоры, Күзенова Р.Е-ата-аналар комитетінің төрайымы және Сыдықов.С.Д –аға инспектор полиция капитаны қатысты. Бұл кеңес қамқоршылық кеңесін құру, қамқоршылық кеңесінің төрағасын және хатшысын сайлап.колледждің қамқоршылық кеңестің ережесімен таныстыру. қамқоршылық кеңесі жоспарын құру мақсатында болды. Колледж директоры М.О,Ибраев 2017-2018 оқу жылының І жартысында атқарылған білім беру қызметтерінің нәтижелері туралы баяндады. Кеңес төрағасы Е.А.Төлендиев қайта сайланып, қамқоршылық кеңестің міндеті мен қызметі туралы айтып, бұл тек қағаз жүзінде қалмай іске асырылуын, жұмыс жоспарын бекітуді ұсынды.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.