30 Нау 2021
Жаңалықтар

«Электронды үкімет» веб порталы бойынша электронды түрде көрсетілген қызметтермен колледж қызметкерлеріне семинар сабағы ұйымдастырылды.

«Электронды үкімет» веб порталы бойынша электронды түрде көрсетілген қызметтермен колледж қызметкерлеріне семинар сабағы ұйымдастырылды.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Жылыой аудандық бөлім басшысы Отарбаев Ерназ мырзаға Атырау облысы Білім беру басқармасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің хатын негізге ала отырып, «Электронды үкімет» веб порталы бойынша электронды түрде көрсетілген қызметтерді мекеме қызметкерлеріне көрсетуді ұйымдастыруды және қызметкеткерлерімізді алға қарай электронды түрде көрсетілген барлық түрлерін «Электронды үкімет» веб порталы арқылы алу мақсатында сұраныс хат жолдаған болатынбыз. Осы хат бойынша бүгін, яғни 25 қаңтар күні Е.Отарбаев және маман Мейірманова Нұрлыби Жолдасқызы колледжімізге келіп,«Электрондық үкімет» мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе.ҚР «Электрондық үкімет порталы» (www.egov.kz) порталы арқылы әлемнің кез келген жерінен отырып, барлық ХҚКО-нан алынатын анықтама түрлерін және мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға болатынын колледж қызметкерлеріне түсіндірді. Колледж қызметкерлері көптеген сұрақтар қойып , толық жауаптарын алды және сөз соңында колледжіміздің басшысы М.О.Ибраев «Халыққа қызмет көрсету орталығы» бөлім басшысы және маманына алтын уақыттарын бөліп келгендеріне алғыс айтып, еңбектеріне толағай табыс, жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.