30 Нау 2021
Жаңалықтар

«Мейірімін төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі

2 ақпан 2018ж колледжімізде «Өзін-өзі тану» пәні, рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А.Назарбаева жайлы «Мейірімін төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханамыздың бай қорын ескеріп студенттерге кітапхана қызметкері Үдербаева Жангүл Сайқалиқызы С.А.Назарбаева жайында мәліметтерді таныстыру, түсіндіру жұмыстары мен әдебиеттері туралы бағытталды.

Шара білім алушылардың жалпы азаматтық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейте отырып, рухани-адамгершілік білім беру, студенттердің туған еліне, жеріне деген перзенттік сезімін ұлғайтып, әлеуметтік белсенділігін дамыту мақсатында өткізілді.

Ана-әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы. Ақ сүтін беріп аялайтын, баласы үшін жанын да аямайтын, ардақты да алақаны жұмсақ, мейірімі шексіз абзал ана. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер балаға алдымен анадан дариды демекші студенттеріміз ана туралы ұлағатты сөздерімен, жырларымен, өлеңдерімен бөлісті.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.