30 Нау 2021
Жаңалықтар

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күні. Осыған орай бүгін колледжімізде директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Қосымбаева Торғын Орынбасарқызының ұйымдастыруымен Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтілді.  Кездесу кешіне арнайы шақыртумен ауған соғысы ардагерлері Қонаров Сисен Атыраубайұлы, Тасболатов Нұрлан Бейімбетұлы,Тұрсынов Құрманғазы Бейімбетұлы келді. Мақсаты:өз Отанына шексіз берілген,потриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету,ауған  соғысында опат болған  боздақтар рухына тағзым етуге,есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Ауған соғысы ардагерлері Қонаров Сисен Атыраубайұлы мен Тасболатов Нұрлан Бейімбетұлы ағаларымыз сөз сөйлеп соғыста басынан кешкен қиын оқиғаларды, Жеңіске қалай жеткендігі туралы әңгімелеп берді.

Кешке қатысқанкөрермендер өз ойларындағы сұрақтарын соғыс ардагерлеріне қойып, мағлұмат алды. Кездесу соңында директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Сарбалиева Маруся Шәмшіқызы Ауған соғысының ардагерлерін алғыс хатпен марапаттап, алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысыІ курс студенттері арасында "Жігіт сұлтаны"байқауын тамашалауды тарту етті.

Кездесу кеші өз мәнінде өтіп.өлендерін оқып, өнерлерімен көзге түскен студенттерді  алғыс хаттармен марапаттап, естелік ретінде ардагерлермен суретке түсті.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.