30 Нау 2021
Жаңалықтар

«Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясы

2018 жылдың 16 ақпанында колледж психологі Б.Б. Атчибаеваның ұйымдастыруымен Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясы өтті.

Акцияның мақсаты: Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту, әлеуметтік жағынан қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан студенттерге материалдық көмек көрсету. «Қайырымдылық» қамқорлық акциясының аясында қол ұшын беріп көмек көрсетуге әрдайым дайын жүретін жандардың бірі:

1. Кәсіпкерлер палатасының директоры, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Төлендиев Ерболат Амангелдіұлы, 2. Жылыой кәсіпкерлері қоғамдық бірлестік директоры Аязбаев Қуаныш Атапкелович,3. Кәсіпкер палатасының менеджер консультанты Нурланов Ерлан Нурланович,

4. ЖШС «AVDAL TRANSOI» директоры Иманғалиев Арслан Болатбайұлы, сол мекеменің есепшісі Қанатова Назила Талғатқызы, 5. Демеуші колледж директоры Ибраев Марат Оразұлы. Колледж директоры Марат Оразұлы өзінің атынан он отбасыға қаржылай көмек көрсетсе, кәсіпкер палатасы он отбасыға қаржылай көмек берді, ЖШС «AVDAL TRANSOI» мекемесі сегіз студентке қысқы киіммен көмектесіп және үш отбасыға қаржылай көмек берді. Ал жеке кәсіпкер Қошақанов Нұрбол Бисекенұлы бес отбасыға қаржылай көмегін берді. Қайырымдылық көрсеткен азаматтарға алғысымыз шексіз, отбастарына амандық, дендеріне саулық тілейміз.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.