30 Нау 2021
Жаңалықтар

"Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы" мамандығында оқитын студенттерге мастер класс ұйымдастырылды

Колледжімізде "Мұнай-әлем билеуші қара алтын" атты апталықтың жоспар бойынша 2018 жылдың 22 ақпанында БТ корпорациясы, ЖШС Жасұлан и Компания мекемесінің техникалық бөлімнің директоры  Нұрғанов Дүйсенбі Ахатұлы ІІ курс 26 топ 0809000 "Мұнай және кен орындарын пайдалану" және ІІІ курс 21 топ 0801000 "Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы" мамандығында оқитын студенттерімізге кәсіби құзырлығын қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді қолдануы және тәжірибе алмасу, мамандығына деген қызығушылығын ояту, адамның рухани дүниесін бағалай білуге баулу мақсатында мастер класс өткізілді.

Кездесу барысында Нұрғанов Дүйсенбі Ахатұлы студенттерге өлкеміздің мұнай өндірісінің дамуына үлес қосқан алғашқы геолог барлаушылар туралы және өзінің еңбек жолы мен еңбектері туралы әсерлі әңгімелерін  айтты. Студенттер тарапынан болашақ мамандықтарына қатысты сұрақтар қойып,көп мағұлмат алды.

Кездесу соңында Н.Д.Ахатұлына колледж директоры М.О.Ибраев алғыс айтып, жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі. Кездесу естелікке суретке түсумен аяқталды. Әсерлі өткен кешке барлығы риза болды.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.