С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде 2 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) агенттігінің жалпыреспубликалық бірыңғай "Адалдық сағаты" өткізілді.
Аталған шараға Жылыой аудандық «Адалдық алаңы» кеңсесінің төрайымы Әбдіғалиева Мәдина Сабыржанқызы, «Адалдық алаңы» кеңсесінің мүшесі Төлендиев Ерболат Амангелдіұлы, Нұр Отан партиясының өкілі Едігеев Ақылбек Едігеұлы қатысып, білім алушы жастарға парасаттылық, адалдық, шыншылдық қасиеттер туралы айтылған қазақ ойшылдарының қанатты сөздерінен мысалдар келтіріп, елімізде жемқорлық көріністерін жоюға бағытталған іс-шаралар туралы кеңінен ақпараттар берді.