2019 жылы 20 қараша күні Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде Студенттер күніне арналған «Қызықты көңіл – студенттік өмір» атты шара өткізілді.
Шараны Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Сарбалиева ашып студенттерді құттықтап, І курсқа қабылданған студенттерге студенттік билет пен сынақ кітапшасын табыстады . Шара студенттердің яғни жастар комитетінің дайындаған мерекелік қойылымдарымен жалғасын тапты. Мерекелік шараның соңында колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысып жүрген студенттер Алғыс хатпен марапатталды.