С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі кітапханашысы тіл күніне орай «Тіл − әр ұлттың ең асыл қазынасы» атты виртуалды кітап көрмесін өткізді.
Мақсаты: Жастарды мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстауға тәрбиелеу.
С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің 63 топ «Мұнай және газ скважиналары бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы» мамандығының 1 курс студенттері зум бағдарламасы арқылы тіл мерекесіне орай, тіл туралы Туребеков Берекет, Абилгаев Нұржан, Багитов Меиржан өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, студенттер белсене қатысып өз ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар колледжімізді бітіріп кеткен түлегіміз Толыбайұлы Қуаныштың тіл туралы жазған өлеңін студенттерге оқытып, Толыбайұлы Қуаныштың қандай студент екені жөнінде танысып мағлұмат алды.