14 Желт 2023
Жаңалықтар

6 қыркүйек күні колледжде кездесу өткізілді

6 қыркүйек күні колледжде Атырау облысы полиция департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Сейдуалиев Абдигани Тойшиевич, Жылыой ауданы полиция бөлімінің бастығы, подполковник Икласов Ринат Абатович және полиция полковнигі Бекалиев Иса Кубашович колледж студенттерімен және ата-аналармен кездесу өткізді. Кездесуді колледж басшысы М.Ибраев ашып Заң қызметкерлеріне колледж тарихы туралы шолу жасап жетістіктерді де айта кетті. Кездесуде басты қозғалған мәселе жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, жастардың түнде ата-ананың рұқсатынсыз жүруі және жаман әдеттерден бойын алыс ұстауы туралы айтылып, ата-аналар өз ой-пікірлерімен алмасып ұсыныстарын берді.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.