29-шы ақпанда 79,86,87 топтарға Н.Ерғалиеваның ұсынысы бойынша аталған топтарға «Мықты адам-ерік жігері күшті адам» атты тақырыпта колледж психолгі Б.Атчибаеваның ұйымдастыруымен тренинг-сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: Аудиторияда жағымды атмосфера орнату, топпен қарым-қатынас, байланыс орнатуға дағдыландыру. Жеке тұлғалардың жағымсыз әсерлерін бәсеңдету, тыныштандыруға, эмоциялық көңіл-күйлерін бәсеңдетуге бағыттау. Денедегі жағымсыз, қажет емес кедергілерден құтылу, сенімділікті орнату және жеке тұлғаға жақсы эмоция, қуанышты көңіл-күй туғызу. Топты белсендендіру.
Тренинг бірнеше жаттығу жұмыстарынан тұрды:
«Түрлі-түсті алақан»
«Рәміз»
«Австралиялық жаңбыр»
«Көбелек» релаксациясы
«Қошемет»
«Ақ қар» тренинг жаттығуларынан.
Трениг мақсатына жетіп, студенттер кері байланысқа шығып, тренингтен алған әсерлерімен және сабақта ұнағандарымен бөлісті.
30 Қар -0001
Жаңалықтар